Тэг: НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ

Поздравления

Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,
Тұрсын алдан арайланып таң күліп
Бақыт болсын әрқашанда жолығар,
Шаттығыңыз тау суындай молығар.


***

Құда мың жылдық, күйеу жуз жылдық болсын!

Стихи на годик , тусау кесер

Қазағымыздынң дәстүрін еселі етем,
Ұлы қайсар, қыздары әсем екен!
Бала тәй-тәй қадамын басқан кезде,
Тойын жасап, тұсауын кеседі екен.


***


Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін
Сезінсің сәби жүрекпен,
Аймалап құшқан Ай, Күнің,
Перзентке деген тілекпен
Басталсын ұлкен той бүгін!

Тілашар тойына шақыру

Балдәурен-балалықтың тәтті шағы,
Мен ерке туған жердің қызғалдағы.
Тілашар тойым бүгін, келіңіздер,
Ағайын үлкен-кіші бәрің дағы
Аяна.

Құрметті__________________!
Сіз(дер)ді немереміз Аянаның
тілашар тойына шақырамыз
Той иесі: Қасым-Жанар
Той 2015 жылы шілде айының 18 жұлдызы
сағат 16.00 басталады.
Мекен жайымыз:
Алматы қаласы Абдуллин көшесі, 70 үй,
«Пугасов» мейрамханасы.

Стихи для кыз узату на казахском языке


Кеше ғана жүргендейсің балапандай бүлдіршін,

Білім алып, бой жетіп, ой түзедің.

Қанатың қатып, ұшып кетесің ұяңнан,

Қимастықтан ауырады менің жүрегім.

 

«Қыз - өрісің», «жат жұрттық» деген сөз бар,

Теңіңді таптың жүректен шыққан тілек бар.

Ақылды бол, еркелікті қоярсың,

Бір отаудың келіні сен боларсың.

Стихи для пригласительных на юбилей

/тапсырыс бойынша жазылған/
Айтылып жүректердің иманды әні,

Мол болсын тағдырдың да сыйлар бағы!
Шаттығын шаңырақтың бөлісуге,
Тілекші ел отыр тағы жиналғалы.

Сіңірер өнегесін жастарға мың,


***


 /тапсырыс бойынша жазылған/
Қастерлі жан 80-ге келді міне (тойға шақыру)
Көрсете алғаннан соң таным-білік,
Талай белес бұл жолда алынды нық.
Қарты бар үй – қазына: Әкеміз де,
Шықты асуға сексенді бағындырып.

Қастерлі жан 80-ге келді міне,
Шақырамыз 


***


Ата-ана мерейтойына шақыру

 

Ыстық қой ата-ана алақаны

Аялап көп атсыншы дала таңы.

Ортақ боп, қуанышқа келіңіздер,

Жайылды мерейтойдың дастарханы

Той үйлену

1


Құрметті  _____________________
Ұйлену тойымыздың  қадірлі қонағы болыңыз(дар)
Той 2015 жылы ________ айының
___ жұлдызында сағат ____ басталады.

Мекен - жайымыз:
_______________
Жас шаңырақ иелері
____________


2


Құрметтi ____________________________!
Сiз(дер)дi ұлымыз _______, келiнiмiз ________
екеуiнiң үйлену тойына шақырамыз!
Қуанышымызға ортақ болыңыз(дар)!
Той иелерi: _____________
Мекен-жайымыз: _______________
________________________
Басталуы: _________________

3

Құрметтi
_________________________
үйленiп, отау тiккен салтанатты тойымыздың
қадiрлi қонағы болыңыз(дар)
Той 2009 жылы қыркүйек айының
24 жұлдызы к­үнi
сағат 17.00 басталады.

Мекен - жайымыз: __________

Той иесi
___________________


4


Құрметті _______________ .
Сіз(дер)ді біздің ақ отау тігіп,
шаңырақ көтерген үйлену тойына
арналған салтанатты дастарханның
қадірлі қонағы болуға шақырамыз.
Той
_______________
сағат 18.00 – де болады.
Той иелері: ________________

Мекен-жайымыз:
__________________


Қыз ұзату

1

Құрметті ___________________________
Сіз(дер)ді аяулы қызымыз Эльвираның аялы алақанымыздан
ұзату тойына шақырамыз.
Той 2015жылғы маусым айының 20 жұлдызы к­үні
сағат 17.00 де басталады.

Мекен-жаймыз: ___________________________
Той иелері __________