Тэг: кыз узату

Стихи для кыз узату на казахском языке


Кеше ғана жүргендейсің балапандай бүлдіршін,

Білім алып, бой жетіп, ой түзедің.

Қанатың қатып, ұшып кетесің ұяңнан,

Қимастықтан ауырады менің жүрегім.

 

«Қыз - өрісің», «жат жұрттық» деген сөз бар,

Теңіңді таптың жүректен шыққан тілек бар.

Ақылды бол, еркелікті қоярсың,

Бір отаудың келіні сен боларсың.

Стихи для пригласительных на кыз узату


Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын,

Жан-жүйең қалай ғана сыздамасын.

Құдалар алақанға салып бердік

Жүректің жұлын алып бір парасын.


***


Жас баланың күлкісін берсін,

Жас ананың ұйқысын берсін.

Жомарттың қолын берсін,

Жортқыштың жолын берсін!

 

Қыздың қылығын берсін,

Судың тұнығын берсін.

Асаудың арынын берсін,

Түнгі отың жарығын берсін!

 

Асқар таудың паңдығын берсін,

Бұлбұл құстың таңғы үнін берсін.

Даланың жазықтығын берсін,

Гүлдің нәзіктігін берсін.

 

Теңіздің тереңдігін берсін,

Қыранның көрегендігін берсін!

Ердің көңілін берсін,

Бүркіттің өлімін берсін!

 

Лашынның жүрегін берсін,

Нағыз достың тілегін берсін!

Мәңгі-бақи ажырамас,

Шын ғашықтың білегін берсін!


***


Балалардың ұзақ болсын өмір-жасы,

Бірге өссін біте қайнап мал мен басы!

Қашанда тіл мен көзден аман сақтап,

Қасында жүрсін оның пір-панасы!

 

Үйреніп өнер-білім өрге жүзсін,

Үлгі алсын қатар-құрбы замандасы!

Қондырып оң жағына отауларын,

Қызығын көрсін оның ата-анасы!

 

Алдынан шамшырағы қарсы жанып,

Гүлденсін жермен көктің екі арасы!

Шалынсын періштенің құлағына

Біздердей қариялардың ақ батасы!

 

Қуанышқа көңілдер толсын әман,

Баяғыда жоралғы-жол сұраман.

Менің жалғыз тілерім жол үстінде –

Ұл-қызымыз бақытты, болсын аман!


***


Көкірегі сырға толы күй-дастан,

Алатаудай арманы бар жүздеген.

Өзі өскен ұясынан симастан,

Түзден бақыт іздейді екен қыз деген.

Тағдыры оның суық қарап, сыздана,

Шешімі ауыр сын артқанмен санаға.

Көктемдегі қарлығаш қой қыз бала,

Айналатын шуақ шашқан Анаға!



Той үйлену

1


Құрметті  _____________________
Ұйлену тойымыздың  қадірлі қонағы болыңыз(дар)
Той 2015 жылы ________ айының
___ жұлдызында сағат ____ басталады.

Мекен - жайымыз:
_______________
Жас шаңырақ иелері
____________


2


Құрметтi ____________________________!
Сiз(дер)дi ұлымыз _______, келiнiмiз ________
екеуiнiң үйлену тойына шақырамыз!
Қуанышымызға ортақ болыңыз(дар)!
Той иелерi: _____________
Мекен-жайымыз: _______________
________________________
Басталуы: _________________

3

Құрметтi
_________________________
үйленiп, отау тiккен салтанатты тойымыздың
қадiрлi қонағы болыңыз(дар)
Той 2009 жылы қыркүйек айының
24 жұлдызы к­үнi
сағат 17.00 басталады.

Мекен - жайымыз: __________

Той иесi
___________________


4


Құрметті _______________ .
Сіз(дер)ді біздің ақ отау тігіп,
шаңырақ көтерген үйлену тойына
арналған салтанатты дастарханның
қадірлі қонағы болуға шақырамыз.
Той
_______________
сағат 18.00 – де болады.
Той иелері: ________________

Мекен-жайымыз:
__________________